Билік өкiлiне қарсы 3 қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 378-бабының, 1-бөлігі, 379- бабының, 1-бөлігі, 380-бабының, 1-бөлігі (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау). бойынша С.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотта істі қарау барысында, С., достарымен бірге дәмханада спирттік ішімдіктер ішкендігі анықталды.  Спирттік ішімдіктер ішкенен кейін, біраз уақыт өткен соң С., алкагольдік масаң күйде бола тұра, ерсі кылық көрсетіп, балағат сөздерді айтқан, сол әрекеті үшін дәмхананың күзетшісі оны сыртқа шығарып жіберген. Патрульдік-бақылау полициясының қызметкерлері бұзақылық әрекет болдырмау мақсатында С.-ға келіп стационарлық бөлімшеге баруын талап еткен. Алайда С., полиция қызметкерлерін балағаттап, итеріп, қашып кетпек болған, ақырында олардың бірінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген.

Соттың үкімімен С. қылмыстық бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен каласының №2 сотының

баспасөз қызметі