Бесқарағай аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында лекция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық  сотында «Жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбында лекция өткізілді. Семинарға Бесқарағай аудандық сотының қызметкерлері қатысты.Кеңсе меңгерушісі М.Алимханова баяндамасында, Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы,  жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық болып танылатындығын атап өтті.                                                                               

Соттардың лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты, қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы заңнаманы дұрыс қолдануы сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн төмендетудi, қоғамның мемлекетке, оның институттарына деген сенiмiн нығайтуды, соттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тiкелей қатысатын құқық қорғау органдарының жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi.                                                                              

Соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.    

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі