Бесқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 9 айындағы нәтижелері қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі А.Касымгожинаның қатысуымен 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатымен сот төрағасы А.А. Абдрахмановтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілген.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысты.

Кездесу барысында А.Абдрахманов 2017 жылдың 9 айында Бесқарағай аудандық сотымен сот төрелігінің жүзеге асырылуы бойынша нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратты баяндап берді.

Сот төрағасы «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісі баспасөз мәслихатының тақырыбына байланысты қойылған сауалдарына жауап беріп, 2017 жылдың 4 тоқсандығына жоспарланған іс-шаралары туралы айтып өтті.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі