Белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Украина азаматы Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, Ж. 28.10.2016 жылы «Убе» бақылап-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен келіп, Өскемен қаласының ІІБ-ның көші-қон полициясы бөлімінде уақытша тіркелген. Алайда ол белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. 

Сот Ж.-ні ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік шара ретінде мемлекеттік бюджет пайдасына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 34 035 (отыз төрт мың отыз бес) теңге ақша соммасында айыппұл салу туралы қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі