Банктің талабы толығымен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Банк жауапкерге қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған. Глубокое аудандық сотының 2016 жылғы 19 қазандағы үкімімен жауапкер Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылған. Осы қылмыстық іс шегінде азаматтық талап қаралмаған, себебі жауапкер залалды өз еркімен ақша қаражатын төлеп өтейтіні туралы жазбаша қолхат жазып берген. Алайда жауапкер өзінің міндеттерін орындамай, ақша қаражаттарын бүгінгі күнге төлемеген.

АК-нің 152-бабы, 5-бөлігіне сәйкес, жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.

Өскемен қалалық сотының шешімімен талапкердің талаптары толығымен қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі