«Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотының бастамасымен ветеринарлық бақылау  және қадағалау Комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық  процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жоғарыда аталған тақырыптағы дөңгелек үстел өткізудің мақсаты, ол сотта істі қарау барысында тараптар көбінесе мамандарды сотқа шақыртып кейбір түсіндірмелер беруін сұрайды. Көптеген жағдайларда ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясының мамандары мал жоғалтумен байланысты залалдар туралы істерді қарау барысында түсініктеме береді.

Дөңгелек үстелді өткізуші модератор судья А.С. Рахимжанова дөңгелек үстелге қатысушыларға Азаматтық процессуалдық кодекстегі жағдайларды түсіндірді, атап айтқанда 77 және 110 баптар, сондай-ақ ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекцияның мамандарына қандайда бір түсіндірмелер беру кезінде қолданыстағы заңнаманы, қандай нормативтік-құқықтық актілерді, белгілі бір әрекеттерді рәсімдейтін ішкі бұйрықтарды басшылыққа алу қажеттігін түсіндірді. 

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі