Азаматтық іс медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының өндірісінде берешек сомасын өндіру туралы азаматтық ісі медиациялық келісіммен аяқталды.

Іс  материалдарына сәйкес, талапкер 2015 жылы жауапкерге қолхат негізінде  1 400 000 теңге ақшаны қарызға берген, алайда жауапкер оны қолхатта белгіленген мерзімде  қайтармағандықтан, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосқаны барлығына мәлім.

Сот іске дайындау барысында осы қанатқақты жобаның тиімді жақтарын тараптарға түсіндірген болатын, сот отырысына келген екі жақ пилоттық жобаға сай ымыраға келіп, тараптар істі медиациялық келісіммен қысқартты.

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі