Айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен он сегіз жасқа толмаған тұлғаға шылым мен шылым өнімдерін сатқандығы үшін жауапкершілікке тартылған  П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот отырысында 2017 жылдың сәуірінде П., шылым өнімдерін, нақтылай келгенде кәмелетке толмаған тұлғаға   сатуға жол бергендігі анықталды.                      

Сот Қаулысымен П., ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 133-бабы, 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.  

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Риддер қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі