Аягөз аудандық сотында «Тергеу судьясының тергеушінің санкциялау туралы өтінішін қарауы» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотында «Тергеу судьясы  тергеушісінің санкциялау туралы өтінішін қарауы» тақырыбында Аягөз аудандық сотының судьялары К.П. Халелова, Б.А. Оразек, Б.Қ. Қаджиақпаров, Аягөз АІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы С. Адильбеков және тергеушілерімен қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинар барысында тергеу судьясы тергеушісінің өтінішін қарау тәртібі талқыланды.

Судья К.П. Халелова, тергеушілерімен сотқа жіберілетін құжаттарда кездесетін кемшілектерді айтып өтті. Екі  қаулы: «Бұлтартпау шарасын тағайындау» қаулысы және «Санкциялау туралы» қаулы шығарылатын айтты. Бұл қаулылар қүдіктінің құқықтарын бұзбауға арналған. Сонымен қатар, судья ілеспе хатта уақытты және үсталған күні, үсталған жері, сотқа жіберілген күнді қөрсету қажеттігіне баса назар аударды.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызыметі