Аягөз аудандық сотында 2017 жылдың 9 айлық есебі бойынша пресс конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотында 9 айлық есеп қорытындысы бойынша Аягөз аудандық сотының төрағасы Р.А. Турабаевтың, соттың мамандары,  БАҚ өкілдері, Аягөз аудандық заңдық кеңес бөлімінің адвокаттары, Аягөз АІІБ-нің қызыметкерлері, Аягөз аудандық прокурорларымен пресс конференция өткізілді.

Р. Турабаев қатысушыларға 2017 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс бойынша айтты.

Осы уақыт аралығында аудандық сотта 143 қылмыстық іс, 1406 азаматтық істер, 1259 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған.

Пресс-конференция барысында сот төрағасы соттың жұмысында «Сот кабинеті», сот процестерінің дыбыс-,бейне жазылуы сияқты заманауи техноголиялардың қолданылуына ерекше көңіл бөлінетіндігін атап өтті.  Сонымен қатар, заңнамаларға, оның ішінде «Медиация туралы» Заңға енгізілген өзгерістер бойынша БАҚ-ның көмегімен де, семинар, дөңгелек үстел, тұрғындармен кездесу сияқты,  әртүрлі шаралар арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Шара соңында аудандық соттың төрағасы қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап беріп, оларға ризашылығын жеткізді.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызыметті