«Аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық   сотында  сот отырысының  басталу  және аяқталу уақытын сақтау, аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды.

Шараға кеңсе меңгеруші  А.М.Мұхаметқалиева   мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында  А.М.Мұхаметқалиева   сот жұмысында жаңа технологияларды қолданудың артықшылықтары мен тиімділігіне  тоқталды. Сондай-ақ, ол  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамында: «Барлық сот процестері бейне және таспаға жазу арқылы жүргізуге және судьяның бейнежазбаны тоқтатуға, оны редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп нақты көрсетілген. Бұл міндет қазіргі таңда толықтай орындалды,  сотта сот залдары толықтай дыбыс-бейнажазба құралдарымен жабдықталған, барлық сот процестері дыбыс-бейнежазбаға түсірілу арқылы жүргізіледі, оны тоқтатуға, редакциялауға судьяның мүмкіндігі жоқ. Бұл сот процестерін судьяның заң талаптарына сай жүргізуіне оң ықпал етеді және тараптарды да заң талаптарын қатаң сақтауға себепші екендігін айтты.  Кеңсе меңгерушісі сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтауына тоқталып, ол  тараптарды сот отырысына тиісті түрде шақырылуын қадағалауды ескертті.

Іс-шара соңында қатысушылар айтылған мәселелердің орындалатындығын жеткізді.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі