Аудандық соттың жұмысы бойынша 2017 жылдың 9 айының қорытындысы шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді. Баспасөз мәслихатқа сот төрағасы  Д.С.Серикбай, сот кеңсесінің меңгерушісі А.Б.Орынбасар, соттың мамандарымен  бірге аудандық «Уақыт тынысы» газетінің өкілі қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында  сот төрағасы сотта атқарылған жұмыстар туралы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай, осы жылдың 9 айындағы статистикалық  мәліметтерге сай, сотпен 118 тұлғаға қатысты 104 қылмыстық іс қаралғанын,  оның ішінде 35 тұлғаға қатысты 32 іс бойынша үкім шығарылғанын, сонымен қатар 4 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс  бойынша ақтау үкімі шығарылғанын атап өтті.

Одан басқа 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс келісімдік өндірісте қаралғанын және 633  азаматтық іс аяқталып оның 386-сы шешім шығаруымен қаралған. 538 тұлғаға қатысты 538 әкімшілік іс қаралды.  Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын қолдану аясында 37 қылмыстық, 52 азаматтық және 49 әкімшілік іс аяқталған. 

«Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды форматта 624 талап арыз, 598  әкімшілік іс, 87  әртүрлі электронды арыздар қабылданғанын да атап өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы соттың қызметінде «Сот кабинеті», сот мәжілістерін дыбыс-бейне жазбалау сияқты жаңа заманауи технологияларды қолдану ерекше орын алатынын атап көрсетті. Сонымен бірге тұрақты түрде заңдағы өзгерістер туралы, «Медиация» Заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс және де әртүрлі іс шаралар – ашық есік күндері,  халықпен кездесу, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Баспасөз мәслихатын қорытындылай келе сот төрағасы  барлық қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қатысқандары үшін алғыс білдірді.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі