Аудандық соттың 2017 жылдың 1-тоқсанындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың 1-тоқсанындағы сот жұмыстарын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмысты қорытындылай келе, 2017 жылдың 1-тоқсанында сотпен 19 тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 11  тұлғаға қатысты 11 іс қаралғанын, 184  азаматтық іс аяқталып, 117  шешім шығарумен қаралғанын, 148 тұлғаға қатысты 148  әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолданумен 3 қылмыстық, 19  азаматтық және 13  әкімшілік іс аяқталды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы 195 талап арыз, 152  әкімшілік іс, 24  әр түрлі арыздар түсті.

Үржар аудандық «Уақыт тынысы – Пульс времени» газетінде «Адам және заман» тақырыбында сот қызметкерлерінің сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану, заң нормаларына енгізілген өзгерістер және «сот залынан» атты айдарында сотта қаралған істер жөніндегі мақалалары  газет жолағында  жариялануда.  Сот жүйесіндегі жаңалықтар туралы ақпараттармен  соттың ресми сайтынан танысуға болады.  Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс, медиация институтын енгізуді кеңейту және жаңа технологияларды қолдану болашақта да өз жалғасын табады.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі