Атқарушылық жазбалар туралы семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотынның қызметкерлерімен «Казахтелеком» АҚ-ның ғимаратында семинар өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жансултанова өз сөзінде, 2016 жылдың 1 қаңтарынан «Нотариат туралы» Заңының күшіне өзгертулер енгізілгенін, екі жақты келісім рәсімдері және  атқарушылық жазбаларды жасауға қатысты болғанын, атап кетті. Аталған Заңның 92-1 бабы негізінде борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазбаларын жасайды. Заңның бұл нормасының кең түрде қолданысқа енуі, сотқа келіп түсетін арыздардың санын біршама қысқартуы мүмкін, соттарға деген жүктеменің де азаюына әкеп соқтыруы ықтимал. Себебі, атқарушылық жазбаларды жасауға қатысты талаптардың тізіліміне әкелікке дау тудырмайтын, алименттерді өндіру, жалға алу төлемдерін өндіру және басқа да талаптар кіреді.  Сонымен бірге, нотариустардың атқару жазбасы атқару парағының процедурасы туралы түсіндірді,  Нотариустардың атқару жазбасы атқару парағының күшімен тең және дау туындатпайтын талаптардың шұғыл және тиімді шешілуін қамтамасыз ете алатын құқықтық маңызды құралы болып табылады.

Семинар барысында азаматтық құқықтық қатысушыларға арналған институттың артықшылығы туралы талқылау өткізді, кәсіпорындардың коммуналдық қызметкөрсету барысында құқықтық жағдайды шешу кезіндегі қолайлығы туралы атап өтті.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі