Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бірақ көбінесе ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамайды.

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБК-нің 127-бабының 1-бөлігімен (бала тәрбиесі бойынша міндеттерін ата-аналарының орындамауы) С-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.   

Сотпен, С-ның кәмелеттік жасқа толмаған  қызы Ж. себепсіз жағдайлармен 2016-2017 оқу жылдарында 14 оқу күнін  босатқаны анықталған.

Сот С.-ны  ӘҚБК-нің 127-бабы, 1-тармағы бойынша айыпты деп танып, оған 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Үржар ауданының №2   аудандық сотының

баспасөз қызметі