«Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Достық  үйінде  «Медиация жолымен дауды шешу» тақырыбында  «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу еді.

Аталған шараға Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов  және ауыл тұрғындары  қатысты.

Сұрақтардың  дені медиация жолымен азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, қарыз өндіру, бірлескен ортақ меншікті бөлу  және тағы басқа жағдайларда тиімді қолдану жолдарын  қамтыды.  Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды. Ашық есік күніне келген әр азаматтың сұрағына  сот төрағасы толық түсіндірмелер берді.

Сот төрағасы Н.Нұралиновтың  халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі