Алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Н. бұрын автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде басқарғаны үшін үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылғанына қарамастан, қайталап көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде басқарған. 

Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылып, оған 150 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту мен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру  түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жарма ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі