Ағымдағы жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы Н.О.Нұралинов 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатына «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің өкілдері қатысты.

Тілшінің сұрақтарына жауап бере келе, сот төрағасы м.а баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігін атап өтті. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру құралы болып табылады. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап өтуге болады. Бұл – құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Сотта 9 ай ішінде 32 қылмыстық іс, 229 азаматтық іс, 209 әкімшілік іс қаралды. Аталған мерзімде 49 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылған, оның ішінде 11 қылмыстық іс, 16 азаматтық іс, 22 әкімшілік іс қысқартылған.

Уақыт талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда. Атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 229 арыз аталған сервис арқылы түскен, ол 100% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде.

Сотта барлық сот процестері дыбыс-бейне жазуды қолданумен өткізіліп, судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе дыбыс жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ. Бұл сотқа қатысушы адамдарды тәртіпке салып, судьялардың үстінен түсетін негізсіз шағымдар санын азайтады.

Азаматтар мен соттардың өзара іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылған. Оған қоса, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңа мүмкіндігі «Сот органына хатты жіберу» механизмі де іске қосылған.

Сотта бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты түрде жұмыс атқарылып келеді. Атап айтқанда 2017 жылдың 9 айында республикалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 56 мақала жарияланған.

Н.Нұралинов баспасөз-мәслихатының соңында келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға және сот билігінің имиджін аттыруға Елбасының қойған тапсырмаларын орындау үшін барлық шаралар қолданылатынын айтты.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі