Абайла жүргізуші – жаяу жүргінші

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, жәбірленушінің денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған Ж.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта Ж. Аягөз қаласы, Б. Момышұлы көшесінде автокөлігін оңтүстіктен солтүстікке қарай басқара отырып,  жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, жаяу жүргінші жасөспірім   М-ді қағып кеткен. Соның салдарынан М-ға жеңіл дәрежелі дене жарақаты келтірілгені анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы баппен 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынып және 1 (бір) жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі