Абай аудандық сотында семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында бас маман С.Жангеловтың ұйымдастыруымен кеңсе мамандарының қатысуымен  ««Төрелік» бағдарламасына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  ақпараттық есепке алу карточкаларын толтыру» тақырыбында семинар сабақ өтті.

С.Жангелов өз сөзінде, сот жүйесінің әр-түрлі мемлекеттік органдарымен халықаралық ұйымдардың сұрау салуларына байланысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің электрондық ақпараттық есептік карточкалары толыққанды толтырылуы тиістігіне тоқталды. Мысалы, азаматтық іс қаралу барысында халықаралық пактілердің қолданылуы сонымен қатар, қылмыстық істің қаралу барысында «Құқық бұзушылықтың қосымша классификациясы» «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» бөлігін толтырылуына және де сотталушыға қатысты формада «қылмыс» бөлігінде «зорлық зомбылық қолданылды деген арыз бар», «зорлық зомбылық қолданылғаны анықталды» реквизиттеріның толтырылуына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша «Әкімшілік құқықтық өндіру» реквизитінде «Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу» бөлігінің толтырылуына жіті қадағалау жасалуы тиіс екендігін атап өтті.

Семинар сабақ барысында баяндамашы кеңсе мамандарының туындаған сұрақтарына  толыққанды жауаптар берді.

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі