Архив событий

11/08/2017

Әдеп сақтау - мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі

11/08/2017

«100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының Мемлекеттік аппаратты құру жөніндегі 12-ші қадамын іске асыру аясында, мемлекеттік қызметкерлердің өзін-өзі ұстау стандарты және олардың жауапкершілігінің деңгейін арттыруға бағытталған  мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі бекітілген.

Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптардың бірі жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі дұрыс ұстау стандарты болып табылады.

Глубокое аудандық сотымен «Мұраны иесіз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/08/2017

Дөңгелек үстелге судья А.Рахимжанова, Глубокое ауданының нотариустары, ММ «Глубокое ауданының әкімінің Аппаратының» өкілі қатысты.

Судья А.Рахимжанова Азаматтық кодексте мүлікті иесіз деп танудың түсініктемесін беретін және оны осылай танудың тәртібін белгілейтін бір ғана 1083-бап  бар екендігін атап өтті. Егерде тірі мұрагерлердің бар екендігі белгілі болған жағдайда, мүлікті иесіз деп тану мүмкіндігі жойылатындығына назар аударды.  

Семинар-тренинг өткізілді

11/08/2017

Марқакөл ауылдық әкімдігінің ғимаратындағы медиация кабинетінде Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасының м.а. С.Жунуспековамен «Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру мерзімі ұзартылды»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/08/2017

Абай аудандық сотында талапкер «ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі» ММ-і жауапкер Е.-га қатысты артық төленген ақша қаражатын қайтару туралы талап арызбен жүгінген.

Сот мәжілісінде медиация тәртібімен тараптар келісімге келіп, келісімге сай жауапкер талапкерге  төленген артық соманы 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қайтаратынын, ал талапкер өз талаптарынан бас тартатыны жөнінде медиациялық келісім шарт жасасты.

Осыған байланысты аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер енгізу сұрағы бойынша брифинг өтті

11/08/2017

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыров  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер енгізу сұрағы бойынша Күршім ауданының прокурорының, Күршім АІІБ-нің учаскелік инспекторларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына халықаралық сарапшы келді

11/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ЮНИСЕФ ұйымының интерні, халықаралық сарапшы Керри Матуллис, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының ұлттық кеңесшісі И.К.Мацкевич жұмыс кездесуімен келді.

Кездесудің  негізгі мақсаты: сот жүйесі мен ЮНИСЕФ ұйымының ортақ жасаған жұмыстарының қорытындысын жинақтайтын халықаралық сарапшыны соттың жұмысымен таныстыру. Жиналған мәлімет ЮНИСЕФ ортақ бағдарламасы аясында дайындалған модельдерді тираждауға пайдасын тигізеді.

Медиация Күні

11/08/2017

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотының судьясы А.Рахимжанова Глубокое ауданының Достық үйінің директоры Ф.Сатаевамен бірге Глубокое ауданының кәсіби емес медиаторларымен Медиация күніне арналған кездесу өткізді.

Фрунзен ауылдық округінің, Киров ауылдық округінің, Глубокое кентінің медиаторлары қатысты.

Риддер қалалық сотында сот қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді

11/08/2017

Риддер қалалық сотында «Мемлекеттік органдармен, оның ішінде сот органдарымен хат алмасуды, ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.

Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатқан әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі. Елімізде қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды

11/08/2017

Талапкер сотқа банкке қатысты әрекеттерді заңсыз деп тану, ипотекалық қарыз бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға міндеттеу, негізгі қарызға ақша қаражатын аудару туралы талап арызбен сотқа жүгініп, келесіні көрсеткен. Талапкермен банк араларында қарыз беру туралы шарт бекітіліп, ол бойынша 22.11.2012 ж. дейін 4 235 000 теңге берілген.

Сот отырысы барысыңда анықталғандай, өзінің міндеттерін тиісті түрде орыдамауына байланысты Өскемен қалалық сотының 23.11.2013 ж. шешімімен талапкерден банк пайдасына қарыз соммасы өндірілген.