Медиация Күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотының судьясы А.Рахимжанова Глубокое ауданының Достық үйінің директоры Ф.Сатаевамен бірге Глубокое ауданының кәсіби емес медиаторларымен Медиация күніне арналған кездесу өткізді.

Фрунзен ауылдық округінің, Киров ауылдық округінің, Глубокое кентінің медиаторлары қатысты.

Судья А.С. Рахимжановамен 2017 жылдың 6 айындағы жекелеген санаттағы істер бойынша медиация тәртібімен дауды (жанжалды) сотқа дейінгі реттеуді міндетті түрде енгізу бойынша Пилоттық жобаны жүзеге асыру шегінде атқарылған жұмыстар бойынша статистикалық мәліметтер жарияланды, сондай-ақ судья Мемлекет Басшысымен 2016 жылдың 21 қарашасында Астанада өткізілген Судьялардың VII Съезінде дауларды сотқа дейінгі реттеу механизімін күшейтуге бағытталған міндет қойылғанын атап өтті. Сол себепті, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.А.Мәмидің 26.01.2017 жылғы өкімімен жекелеген санаттағы істер бойынша медиация тәртібімен дауды (жанжалды) сотқа дейінгі реттеуді міндетті түрде енгізу бойынша Пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы Ереже бекітілді, оған 2017 жылдың 26 шілдесінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, онда  пилоттық жобаның мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды және осы пилоттық жобаны жүзеге асыратын даулардың санаттарының тізімі кеңейтілді.

Қатысушы медиаторлар тұрғындармен өз тәжірибелерімен бөлісті, медиация жүргізу кезінде туындайтын проблемаларды, татуласу аясында оқытудан өту қажеттігі атап өтілді.

Іс-шараның соңында үйлестірушілер кездесуге қатысушыларға алғыстарын білдірді және дауларды сотқа дейінгі және сотқа дейінгі реттеу институтын жеделдетіп енгізу және жан-жақты даму бойынша әрекеттерді нығайтуда табыстар тіледі.

 

Глубокое аудандық сотының

 баспасөз қызметі