Архив событий

29/08/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Конституция күніне арналған мерекелік шара өткізілді

29/08/2017

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік шара өткізілді. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысының судьялары, сот жүйесінің ардагерлері және сот мамандары қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Мұратұлы Қайырбеков құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандықтар үшін бұл мерекенің маңызы ерекше екендігін атап өтті.

Конституция –мемлекетіміздің Ата заңы

29/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты мерекелік жиналыс өтті.

Бұл салтанатты мерекелік жиналыста сот жүйесінің ардагері У.Даутова, судьялар, сот қызметкерлері қатысты.

Конференция өткізілді

29/08/2017

Конституция күні мерекесі  қарсаңында  Күршім ауданының № 2 сотымен Марқакөл ауылдық кітапханасында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңымыз – мемлекеттің қарқынды дамуының құқықтық негізі» тақырыбында конференция өткізілді.

ШҚО экономикалық сотында мерекелік жиын өтті

29/08/2017

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасының Ата Заңы -Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Сот төрағасы А.К. Рамазанов құттықтау сөз сөйледі. Төраға жиынға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, осы атаулы күнде мықты денсаулық, жетістік және жақсылық, сондай-ақ Қазақстан атты ортақ үйіміздің алға қарай өркендеуін тіледі.

 Жиын барысында бас маман Я. Лебедева Қазақстан Республикасының Ата Заңы Конституция тарихы туралы баяндама оқыды.

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті

29/08/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен Марқакөл кенгттік полиция бөлімінің ғимаратында  Қазақстан Республикасының Конституциясының 22 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.  

Азаматтық іс дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен аяқталды

29/08/2017

Тарбағатай аудандық сотында жол көлік оқиғасы салдарынан келген материалдық зиянды  өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер және  жауапкер өзара медиация тәртібімен келісімге келгендерін айтып және дауды кәсіби емес медиатор Х.Сатиевтың қатысуымен жасалған (дау-шарды) реттеу туралы келісімді  ұсынды.

Істі қарау барысында, келісімнің «Медиация туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сай, медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеудің тәртібіне қайшы еместігі анықталды.  

Конституция күні қарсаныңында викторина өткізілді

29/08/2017

Зырян аудандық сотында Конституция күні қарсаныңында викторина өткізілді. Викторинада сот мамандары қатысты. Викторинаның барлық сауалдары Қазахстан Республикасының Конституциясының  пайда болу тарихына арналды. Сот мамандары берілген викторинаның бағыты бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.

Сот төрағасының м.а. А.К.Садыкова жоғары көрсеткіш көрсеткен мамандар Д.Бекетоваға, Н.Сапаргалиевқа, М.Касеневаға құрмет мадақтамаларын табыс етті.

 

Зырян аудандық сотының

Дау медиация тәртібімен қысқартылды

29/08/2017

Көкпекті аудандық сотында А.-ның Т.-ға материалдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотқа аз.А аз.Т-дан материалдық залалды өндіру мақсатында талап арыз жазған. Іс материалдарына сәйкес, аз А.ның үстінгі пәтерінде тұратын жауапкер Т. 10 жыл қатарынан аз.А. пәтерінің төбесіне су ағызып және сол себептен пәтерінің төбесі жарылып, тесіліп қалғанын айтқан.

Медиация бойынша пилоттық жоба

29/08/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Суйеукенов «Самар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мамандары арасында «Медиация бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.