Әдеп сақтау - мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

«100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының Мемлекеттік аппаратты құру жөніндегі 12-ші қадамын іске асыру аясында, мемлекеттік қызметкерлердің өзін-өзі ұстау стандарты және олардың жауапкершілігінің деңгейін арттыруға бағытталған  мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі бекітілген.

Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптардың бірі жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі дұрыс ұстау стандарты болып табылады.

Осы талаптың сөзсіз орындалуы туралы мәселе облыстық және аудандық (қалалық) соттар мамандарының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшылығымен ұйымдастырылған   семинарда талқыланды.

ШҚО бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары А.Е. Хайрулинова өз сөзінде, әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара жоғары қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепке қайшы мінез-құлқының алдын  алуға  бағытталғанын атап өтті.

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің бет бейнесі болып табылады  және  ол қоғам алдында яғни, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың үлгісі болуы қажет.

Мемлекеттік қызметкерге қатысты қоғамдық пікір олардың  қызметтен тыс уақытта, оның ішінде қоғамдық орында  өзі-өзі ұстауына, жүріп-тұруына байланысты қалыптасады.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер қызметтік жаңа әдеп Ережелеріне сәйкес, қызметтен тыс уақытта жалпыға ортақ моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қоғамда теріс пікір тудыратын жағдайлардың орын алуына жол бермеуге, оның ішінде, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін қорлайтын алкогольдік ішімдік ішкен күйде болмауға, қарапайым болуға, қандай да бір қызмет түріне жүгінген уақытта өзінің лауазымдық  жағдайын асыра пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғуға әкелетіндей заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге міндетті және басқа азаматтарды  қоғамға, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға итермелемеуі тиіс.

Семинар барысында қатысушыларға жоғарыда аталып өткен талаптардың сақталуына мониторинг жүргізген өкілетті органдардың назарына іліккен кейбір сот қызметкерлерінің фото суреттері көрсетілді.    Оларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.

Семинардың соңында қатысушыларға Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодескі талаптарын  қатаң сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі

Пікірлер мен ұсыныстар