Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер енгізу сұрағы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыров  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер енгізу сұрағы бойынша Күршім ауданының прокурорының, Күршім АІІБ-нің учаскелік инспекторларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Төраға Е.Т.Шымыров  қатысушылардың назарын  Қазақстан Республикасының  2017 жылғы  3 шілдедегі  № 84-VI «Жетілдірілген құқық  қорғау жүйесінің сұрағы бойынша  Қазақстан Республикасының  кейбір заңдылық актілеріне өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес  кейбір заңдылық актілеріне өзгертулер енгізуге назарларын аударды.  Брифнгтің негізгі  мақсаты  қылмыстық құқықбұзушылық құрамынан әкімшілік құқық бұзушылық құрамына ауысуына байланысты сотқа жолданатын материалдардың  дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.

Сонымен қатар қатысушылар  әкімшілік істерді қарастыруда туындайтын басқа да сұрақтарды талқылады.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі