Архив событий

03/08/2017

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

03/08/2017

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес:

Өскемен қаласының №2 соты төрағасымен брифинг өткізілді

03/08/2017

Өскемен қаласының №2 сот төрағасы Г.Адильбаева жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен  қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-атқару заңнамаларына соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі бойынша брифинг өткізді.

Сотта дөңгелек үстел өткізілді

03/08/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен прокуратура және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға уәкілетті органдардың өкілдеріне арнап «2017 жылғы 3 және 11 шілдесіндегі  заңдарға сәйкес ӘҚБтК-ге енгізілген өзгерістер аясында әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасын қолданудағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша» дөңгелек үстел өткізілді.

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбында семинар

03/08/2017

Курчатов қалалық сотында судьялармен мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарды сот төрағасы Э.З. Рауясова ашып, өткізіліп жатқан шараның үлкен маңыздылығын атап өтіп, әрбір Қазақстан азаматының мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керектігіне тоқталды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді меңгеруге жағдайлар жасалып жатқанын айтып өтті.

2017 жылдың 7 айында мемлекеттік тілде қаралған істерге статистикалық мәліметтер келтірілді.

Риддер қалалық сотында ерлі–зайыптылардың мұрасын қабылдау және ортақ үлесін бөлу туралы дау медиациямен шешілді

03/08/2017

Риддер қалалық сотына талапкер М.  жауапкерлер Р. мен Ж-дан ерлі–зайыптылардың мұрасын қабылдау  және ортақ үлесін бөлу туралы талап арызбен арызданған.

Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз бұзып өткені үшін ҚХР-ның азаматы сотталды

03/08/2017

2017 жылдың 20 мамыр күні №2535 әскери бөлімінің шекара жасағымен  Күршім ауданының Марқакөл орман шаруашылығының 41  орамында  ҚХР азаматы Ма Тин Мин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін  ұсталған.

Ма Тин Мин  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген құрып кету қаупі бар «Шұғылық» (Paeonia anomala - Пион Марьин-корень) өсімдігін қазып, оның тамырынан «кордицепс» құрттарын заңсыз теріп жүрген жерінен ұсталған.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дәріс сабағы өтті

03/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 3 тамызында судьялар арасында «Жаза тағайындау» атты тақырыпта дәріс сабағы өтті.

Осы тақырып төңірегінде  «Қылмыстық жаза тағайындаудағы кейбір мәселелері туралы»  2015 жылғы 25 маусымдағы №4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы талқыланды.

Төраға м.а. Е. С. Қоянбаев семинарда баяндама жасап, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы ережесінің кейбір сұрақтар бойынша түсіндірме жасады.

Бесқарағай аудандық сотымен 27 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/08/2017

2017 жылдың басынан Бесқарағай аудандық соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 27 әкімшілік іс қарады. Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастырылған.