Архив событий

08/08/2017

Азаматтық іс дауды реттеу туралы келісім негізінде шешілді

08/08/2017

Талапкер Ж. жауапкер А-дан қарыз ақшасын өндіру туралы талап арызбен Тарбағатай аудандық сотына жүгінді. Талап арызда  белгіленген мерзімге дейін жауапкер 800 000 теңгені  қайтаруға міндеттенгенін көрсеткен, алайда қарыз ақшаны қайтару жөніндегі қол хат орындалмауына байланысты талапкер жауапкерден 800 000 теңге қарызын және сот шығындарын баж төлемі үшін төленген 8 000 теңгені өндіріп беруді сұраған.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында ақпарат алмасу сұрақтарына арналған дөңгелек үстел өткізілді

08/08/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір сұрақтары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекеме органдарының өкілдері қатысты.

Медиатордың көмегімен қылмыстық іс тоқтатылды

08/08/2017

Зайсан  аудандық соты ҚР ҚК-нің 131-бабы, 2 бөлігі (қорлау) бойынша айыпталған Б.,-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Сотта анықталғандай азамат Б., Зайсан қаласында  азаматша Т.,-ны телефонмен хабарласып балағаттап, қорлаған.

Сот талқылауы барысында сотталушы Б.,  мен жәбірленуші Т., арасында медиативтік келісім жасалды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/08/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-бабы (қорқыту) бойынша Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылау барысында, сотталушы Р, жәбірленушімен өзара медиативтік тәртіппен келісімге келіп, татуласқанын, сол себепті қылмыстық істі өндірістен тоқтатып, өзін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Сот қаулысымен тараптардың  өзара медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабы, 1-бөлігі негізінде қыслмыстық іс тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы «дөңгелек үстелде» талқыланды

08/08/2017

Бородулиха аудандық соты төрағасының м.а. К.Раимбеков «Бородулиха ауданының  әкімінің аппараты» ММ-де АІІБ, ЖПС, прокуратурының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңымен талқылау атты тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

«Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

08/08/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға судья Г.Кудербаева, Катонқарағай кенттік полициясының учаскелік инспекторлары мен сот қызметкерлері қатысты.

Мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш қаралды

08/08/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен Күршім аудандық №2 пробация қызметінің сотталған Р.-ға қатысты мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініші қаралды. Азамат Р.Күршім ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 293-бабы, 3-бөлігі 2) тармағы бойынша (бұзақылық) 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

08/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы М.Кислова «Мой город» облыстық газетінің тілшісі Р.Кудиновтың қатысуымен әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формасын жою туралы Конвенциясының насихаттау жөнінде брифинг өткізді.

Шетел азаматтары көші-қон саласы бойынша тексеру барысында тіркеу кезіндегі көрсетілген мекенжайда тұрмағаны үшін қамаққа алынды

08/08/2017

Тарбағатай аудандық сотында Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінен түскен ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 әкімшілік іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматтары көші-қон саласы бойынша тексеру барысында тіркеу кезіндегі көрсетілген мекен-жайда тұрмағаны анықталды.

Сот азаматтың құқықтарын қорғады

08/08/2017

Талапкер А.,  Өскемен қаласы әкіміне қатысты қаулыны және жеке меншік құқығын беру туралы актіні заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің талаптарын келесімен негіздеген. 1993 жылғы Өскемен қалалық әкімшілігінің шешімімен «Проектировщик» бау-бақша қоғамының мүшелерінің тізімі жер телімдерімен өмір бойы қолдану құқығын рәсімдеу үшін бекітілген. Бекітілген тізім бойынша талапкердің апайы №90-шы болып көрсетілген.  Өзінің апайы аталған бау-бақша қоғамының мүшесі бола тұра, жер телімен қолданып, үй салып, салықтарды төлеуді жүзеге асырып отырған.

Бородулиха аудандық сотында МКҚБ қызметкерлерімен семинар өткізілді

08/08/2017

Бородулиха аудандық сотында МКҚБ қызметкерлерімен сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы м.а. К.Раимбеков, кеңсе меңгерушісі А.Касенова, сот приставы Э.Сейлханов, сот мамандары және МКҚБ қызметкерлері қатысты.

Семинарды өткізудің негізгі мақсаты - сот қызметкерлерінің сот талқылауына қатысушылармен процессуалдық емес қатынастардың алдын-алуы және ескертуге кешенді түрде шаралар қолданып, кіріп-шығу режимінің талаптарын сақтау болып табылады.

Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны үшін жауапқа тартылды

08/08/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында азамат К.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 611-бабының екінші бөлімі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К., «Toyota Carina «E» автокөлігін басқара отырып, жол жиегінде тұрған «Lexus RX-330» автокөлігіне соғылысып, жол көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Істі қарау кезінде құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, өкінішін білдіріп, қақтығыс абайсыздан болғанын түсіндірді.

Өскемен қаласының төрт тұрғыны ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

08/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотында  4 тұлғаға қатысты  ҚР ҚК-нің 307-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасындабелгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру) сәйкес қылмыстық іс қаралды.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

08/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 3 тармағымен қылмыс жасаған Қ-ға қатысты (тұрғын бөлмеге заңсыз кiрумен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қ. бұрын ерлі-зайыпты болған күйеуінің үйіне келіп, үйде ешкім жоқ екендігін біле тұрып, дәліз бөлмесіндеге терезесіндегі тұрған ағаш тақташасын алып, ноутбукты жымқырған. Ұрланған затымен Қ. сол жерден бой тайсалып, жәбірленушіге 80 000 теңгеге материалды залал келтірді. Келтірілген залал толығымен өндірілді.

Дыбыс-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану мәселелері талқыланды

08/08/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Дыбыс-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға кеңсе мамандары қатысты.                                                                                    

ӘҚБтК-тің 73-1-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу медиация тәртібінде қысқартылды

08/08/2017

Күршім аудандық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіргені үшін жауапқа тартылған М.-ға қатысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Барақ Батыр ауылының тұрғыны М. салынып жатқан сауда дүкенінің ішінде П-мен жанжалдасып, сот-медициналық сараптамасына сәйкес, П-ға оң жақ мойынынан ұрып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген. Осы әрекетімен, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының, 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.