Архив событий

21/08/2017

«Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау» тақырыбында семинар сабақ өтті

21/08/2017

Глубокое аудандық сотында судья лауазымына тағылымдамашы-кандидат Ж.С.Касенованың, судья А.Б.Болатованың, сот мәжілісінің хатшысы А.Асхатқызының қатысуымен «Істі сот талқылауына дайындау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. 

Қылмыстық іс бойынша медиациялық тәртіппен қысқартылды

21/08/2017

Абай аудандық соты ҚК-тің 187-бабы, 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша Ш.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот мәжілісінде, тараптарға істі медиация тәртібінде қысқарту мүмкіндіктері түсіндірілгеннен кейін, тараптар кәсіби емес медиатор А.Н. Нурмухаметовтың қатысуымен бітімгершілік келісім жасасты.

«Мемлекеттік тілдің қолдануы» тақырыбына семинар өтті

21/08/2017

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісі және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс шараның мақсаты - Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының мамандары арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

21/08/2017

Семинарда  кеңсе  меңгерушісінің м.а.  А.Махатовпен мемлекеттік қызметшілердің  әдеп Кодексінің ережелерін және мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  және қызметтен тыс уақыттағы, көпшілік алдында ұстанатын мінез-құлық  стандарттарын    атап  өтті.

Қылмыстық іс бойынша медиация

21/08/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының, 1-бөлігімен ұрлық үшін сотқа берілген Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/08/2017

Күршім ауданының  №2 аудандық сотымен  ҚР ҚК-нің 149-бабы, 2-бөлігі бойынша азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, бұрын сотты болған М. есімді азамат Марқакөл ауылында мас күйінде осы ауыл тұрғыны М.есімді қарияның  тұрғын үйіне түнгі уақытта заңсыз басып кірген, яғни ол өзінің іс-әрекетімен ҚК-нің 149-бабының, 2-бөлігінде көрсетілген тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу, яғни тұрғынжайға онда тұратын адамның еркінен тыс, түнгі уақытта заңсыз басып кіру түріндегі қылмысты жасаған.

«Дауларды медиация тәртібімен реттеу»

21/08/2017

Көкпекті ауданының №2 сотының сот приставы Р.Суйеукенов «Достық үйі» ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде Самар Достық үйінің қызметкерлерімен  «Дауларды медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында дәріс өткізді.

Аталған шарада баяндамашы медиация тәртібі мен оның артықшылықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, жыл басынан дауларды (жанжалдарды) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатқаны туралы атап өтті.

«Сот медиациясы» бойынша пилоттық жоба іске асырылуда

21/08/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында сот медиациясы туралы дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова, кәсіпқой емес медиаторлар қатысты. 

Дөнгелек үстел барысында сот медиациясының өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы және жергілікті сотта пилоттық жобаны іске асырудың деңгейі туралы С.Жүніспекова медиаторлармен пікір алмасты.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанға іздеу жарияланды

21/08/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Көкпекті ауданының ІІБ Самар полиция бөлімі ЖПҚ-ның жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған Т.-ға іздеу жариялау және бұлтартпау шарасын қолдану ұсыныс құжаттары қаралды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

21/08/2017

Глубокое аудандық сотында  кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбаковтың және сот мамандарының қатысуымен «Заң сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздейді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты, қандай да болсын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын жою.