Архив событий

17/08/2017

Тұрғын үйден шығару дауы медиация тәртібімен шешілді

17/08/2017

Глубокое аудандық сотымен тұрғын үйден шығару талабы бойынша азаматтық ісі медиация тәртібімен реттеліп, өндірісі қысқартылған.

Істің мәнінде азамат Ч. жауапкерге жоғарыда көрсетілген талаптармен жүгінген, ол 2003 жылдың 26 тамызындағы сатып-алу шарты негізінде Ново-Ульбинка ауылында орналасқан тұрғын үй және жер телімі оның жеке меншігінде екендігін, ал қазіргі уақытта ол үйде онымен бірге қызы Ч. бірге тұратындығын, және қызы оны сыйламай, балағаттап, ұрып-соғатынын, ал үйден шыққысы келмейтінін көрсеткен. Жаупкерді үйден шығаруды сұраған.

Көлік құралын есірткілік масаң күйдегі жүргізгені үшін түзеу жұмыстарына жазаланды

17/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен,  ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж. көлік құралын есірткілік масаң күйде және басқару құқығынан айырылғаның біле тұра, өзінің сіңлісінің автокөлігіне отырды. Өскемен қаласынының көшелерінде жүргізіп келе жатқанда, полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.

Өскемен қаласының тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық алтын әшекейлерді алдау жолымен жымқырған

17/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен  (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстармен құқық бұзушылықтың алдын алу

17/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Н.Жумагулова    «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және құқық бұзушылықтың алдын алу»тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамағаны үшін, шетелдік азаматқа айыппұл тағайындалды

17/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 393-бабымен (шетелдіктің оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамау) З.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды тіркеу тәртібі» тақырыбында семинар өтті

17/08/2017

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды тіркеу тәртібі» тақырыбында,  кеңсе меңгерушісі м.а. А.Махатов және сот кеңсесінің мамандарының   қатысуымен семинар өткізілді.

«Процессуалдық құжаттарды және сот отырысының хаттамасын дайындау тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

17/08/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Процессуалдық құжаттарды және сот отырысының хаттамасын дайындау тәртібі» тақырыбына сот мамндарының қатысуымен семинар өткізілді.

Сот отырысының хатшысы А.Закенов баяндама жасады. Баяндамада хаттама – процестік әрекет тіркелетiн процестік құжат екенін, сот отырысының хаттамасының маңыздылығын, сот отырысы дыбыс -, бейне жазба құралдарын пайдалану арқылы өткізілген жағдайда қысқаша хаттама жасау жөнінде айтты.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында семинар – тренинг өткізілді

17/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында сот психологы М.К.Галиева «Алаңдаушылықтан арылу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Аталған семинар-тренингке кеңсе меңгерушісі А.Е.Тусупова, жетекші маман М.Б.Манакбаева, бас маман А.А.Алижанова, іс-жүргізуші А.Е.Жакупова қатысты.

Семинарлық сабақ өтті

17/08/2017

Глубокое аудандық сотында сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио және бейне жазу құралдарын техникалық қолдану қағидасын оқып үйрену семинарлық сабағы  өтті.

Семинарға кеңсе мамандары мен сот мәжілісі хатшылары қатысты.

Глубокое аудандық сотымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды

17/08/2017

Глубокое аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 188-бабының, 1-бөлігімен айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталмыш тұлғаға бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін айып тағылған.

Сот отырысы барысында тараптардың өтінішхаттары негізінде олардың өзара бітімгершілікке келу мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін медитор –    Г.В. Берестова іске қатыстырылды.

Айыптау үкімі шығарылды

17/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабының, 3-бөлігі 1,3-тармақшасымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты) сотталған П және В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат  П., алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен  азамат В., салмағы  ірі мөлшердегі 1 976 г. құрайтын «Героин» есірткісін заңсыз иемденіп, сақтап бүркеншік есімді «Зура» атты азаматшаға  жалпы сомамен 3 200 000 теңгеге сатқан.