Архив событий

01/08/2017

Семей қалалық сотында азаматтық іс қаралды

01/08/2017

Семей қалалық сотында жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залал мен моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Жауапкер «Астана-Ерейментау-Шидерты» автокөлік трассасының 190 километрінде «ВАЗ» маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан кезде көлікті басқара алмай, жолда тұрған жол жөндейтін көлікпен (каток) соқтығысқан. Оқиға салдарынан көліктің жолаушы орнында отырған 1994 жылы туған талапкердің қызы, ауыр дене жарақаттарын алып, ес-түсін жинамай аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болған.

Қылмысты ұйымдастырушы жазаланды

01/08/2017

Жарма аудандық сотымен қарақшылық шабуылды ұйымдастыру бойынша айыпталған азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді

01/08/2017

Өткізілген шараға сот кеңсесінің мамандарымен кеңсе меңгерушісі қатысты.

Семинар барысында сот кеңсесінің меңгерушісі Г.Б. Ильбисинова мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс уақытта Қазақстан Республикасының заңдары мен жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға тиістігі жөнінде кеңінен айтылды.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді

01/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында  судьялар мен кеңсе қызметкерлері  арасында  мемлекеттік тілде құжаттармен жұмыс жасау бойынша семинар сабағы өткізілді. Сот ісі мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің сапасын арттыру, жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеру мәселелері талқыланды.

«Сот үкімдері мен қаулыларын орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

01/08/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Сот үкімдері мен қаулыларын орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға судьялар мен сот мамандары, Катонқарағай аудандық прокурорының көмекшісі Д. Рахимжанов, мемлекеттік сот орындаушы Ж. Зангинова және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Э. Жансұлтанова өз сөзінде сот актілерін орындау сот төрелігінің маңызды бөлігі екендігін және заңды күшіне енген барлық сот актілері орындалуы республикамыздың барлық аумағында міндетті екендігін айтты.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

01/08/2017

Глубокое аудандық соты ҚР ҚК-нің 191-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағымен  (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып төндіру) қарастырылған П-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта  П  алкогольдік масаң күйінде 10 шілде 2017 жылы сағат 15.00-те   ашық  түрде 20 литр көлемді темір бөшке, екі мырышталған шелек, шағын құралды ұрлап оқиға болған жерден жасырынып қалғандығы анықталды.   Осы әрекеттері арқылы жәбірленушіге  30 000 теңге көлемінде залал келтірген.

Сот актілерін орындау

01/08/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында сот төрағасы А.Абдрахманов, сот судьясы А.Калиев және сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.                             

Сотпен теріс қылық жасағаны үшін айыппұл салынды

01/08/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты азамат Қ.-ға қатысты 346-бабы,  1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Азамат Қ., сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырыла тұра, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында Audi 80 маркалы көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

01/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 01 тамызында  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 15 тамыз 2002 жылғы № 19   (09 наурыз 2006  жылғы №2 және  25 маусым  2010 жылғы №17  Нормативтік қаулысына енгізілген өзгертулер және толықтырулармен)  «Сот үкімі туралы»  Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысын зерделеу бойынша  судьялар арасында семинар сабағы өткізілді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекет медиация тәртібімен татуластыру тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

01/08/2017

Катонқарағай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында  құқыққа қарсы әрекет медиация тәртібімен татуластыру тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Катонқарағай ауданының жергілікті полиция қызметкерлері шақырылды. Кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансултанова әкімшілік істерді бастау кезінде участкелік инспекторлар құқық бұзушы және жәбірленуші жақтарына кәсіби емес медиаторлардың  көмегіне жүгініп, татуласуға қол жеткізуге болатындығын атап өтті.

Медиатордың қатысуымен татуласты

01/08/2017

Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ҚК 188 б. 1 б. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін яғни 35 000 теңгені құрайтын жеке тұлғаның мүлкін ұрлаған деп айыпталған азамат Ж.  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, сотпен медиация дауларды реттеудің балама тәсілі ретінде кәсіби емес медиаторларды қатыстырумен  тараптарды татуластыру бойынша шаралар қабылданды, нәтижесінде, тараптар дауды шешіп сотқа татуласуларына байланысты істі қысқарту туралы  арыздарын бекітуді ұсынды.