Архив событий

07/08/2017

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және ШҚО білім Басқармасы бітімгершілік рәсімі аясында өзара ынтымақтастық Меморандумға қол қойды

07/08/2017

Семей қаласының ювеналды соты татуластыру рәсімдері  аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойған жақтар: ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және ШҚО Білім басқармасы.

«Медиация күні» Республикалық акциясы

07/08/2017

Зырян ауданының Достық үйінде Республикалық «Медиация күніне»  орай шара өткізілді.

Зырян аудандық сотының судьясы Ф.А.Айнековпен кездесуге жастар орталығының, орталық кітапхана жүйесінің, жас өспірімдер спорттық мектебінің, Жастар клубының, кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен басшылары келді.

Судья Ф.А.Айнеков азаматтық, қылмыстық істерді қарауда медиацияны қолдану бойынша заңнамаға түсінік берді, сонымен қатар, кәсіби емес медиаторлар қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.

Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы семинар өткізді

07/08/2017

Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізді.

 Семинарда сот кеңсе меңгерушісінің м.а. А. Маусеитова және сот мамандары қатысты.

Катонқарағай аудандық сотының қызметкерлері азаматтармен кездесу өткізді

07/08/2017

Өткізілген іс-шараға Катонқарағай аудандық сотының мамандары Э.К. Жансултанова, Ш.К. Темиржанова,  Достық үйінің басшысы Н. Гостеева, кәсіби емес медиаторлар, Үлкен Нарын ауылының тұрғындары қатысты.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және ШҚО әкім аппаратының «Достық үйі»- қоғамдық келісім орталығымен татуластыру рәсімдері аясында өзара ынтымақтастық Меморандумға қол қойды

07/08/2017

Семей қаласының ювеналды соты Өскемен татуластыру рәсімі аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы және  ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі» - қоғамдық келісім орталығының өкілдері қол қойған.

Бесқарағай аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында семинар өткізілді

07/08/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға  сот мамандары қатысты. Семинарды ашқан бас маман-сот мәжілісінің хатшысы  Г.

ӘҚБтК-тің 73-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу медиация тәртібінде қысқартылды

07/08/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында денсаулыққа қаса қана жеңіл залал келтіргені үшін жауапқа тартылған К.-ға қатысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2017 жылдың шілдесінде К. Островский көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде көршісі С. мен өзара төбелес кезінде, оған дене жарақатын салған. сот сараптамасының қортындысына сәйкес С.-ның денсаулығына сол жақ қолы тырналып және оң жақ аяғы көгертіліп жеңіл залал келтірілген.

Ағаштарды заңсыз кескені үшін қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды

07/08/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен ҚК-нің 340-бабының 1-бөлігімен (орман қорына кірмейтін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) айыпталған азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Қаратоғай ауылының тұрғыны М., Ақбұлақ ауылына қарасты «Өртен бұлақ» учаскесіндегі тау бөктерінен, яғни орман қорына кірмейтін, ара мен балтаны пайдаланып, 0,867 м3ағашты заңсыз кесіп құлатқан, нәтижесінде мемлекетке зиян келтірілген.