Архив событий

25/08/2017

«Қазақстан» тауына көтерілу

25/08/2017

Судьялар Одағының ШҚО бойынша филиалы  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының судьялары мен «ШҚО бойынша Соттар Әкімшісі» РММ-нің қызметкерлері Өскемен қаласының көрікті жерлерінің  бірі «Қазақстан»  тауына көтерілді.

«Көкнар-2017» шарасы барысында Астана қаласынан «гашиш» алдырған адам ұсталды

25/08/2017

2017 жылдың 30 шілде күні сағат 06.00 кезінде «Көкнар-2017» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында, Омск-Майқапшағай жолының Тұғыл ауылына бұрылатын қиылысында Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылының тұрғыны Ж. Ваз-21099 маркалы көлігінің жүк салғышының ішінен үш целофан пакетке оралған жасыл түсті, өткір иісі бар шөпке ұқсас зат табылған.

Алдын ала тергеп-тексеру кезінде Тұғыл ауылының тұрғыны азамат К. аталған көліктен алынған зат өзіне тиесілі екендігін, оны Астана қаласынан алдырғанын мойындаған.

Зырян аудандық сотында брифинг өткізілді

25/08/2017

Зырян аудандық сотының төрағасының м.а. А.Садыкова «Пульс Зыряновска-Көктас таңы», «Заря Востока» газеттерінің тілшілерінің қатысуымен әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формаларын жою туралы Конвенцияны насихаттау жөнінде брифинг өткізді.

Пара алған

25/08/2017

Семей қаласының №2 сотымен 06.06.2017 жылы аз.М.ды мүгедек адамдардың көлік құралдарына тоқтауға белгіленген орынға тоқтағандықтан, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізгендіктен және өзімен сақтандыру полисі болмағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін 20000 теңге көлемінде пара алған Семей қаласының ішкі істер басқармасының жол полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Тағы бір рет судьялардың әдебі туралы.....

25/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың қатысуымен Қазақстан Республикасында «Судьялардың әдеп кодексі» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараны сот төрағасы Б. Кәсенов ашып, Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде 2016 жылы 21 қарашада жаңа судьялық әдеп кодексі қабылданғаны туралы айтты. Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадаммен қабылданған судьялық әдеп кодексі тікелей байланысты атап өтті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/08/2017

Бесқарағай аудандық сотында ҚК-тің 200-бабының, 1-бөлігі бойынша  Г.-ға қатысты қылмыстық і қаралды.

Іс материалына сәйкес, Г., алкогольдік масаң күйінде М.-ға тиесілі автокөлікті заңсыз иеленіп, Семей қаласында жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталды.      

Сот отырысында жәбірленуші М.Какенов сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты соттан қылмыстық істі қысқартуды сұрады.                                                                    

Өлім салдарынан келтірілген моральдық зиян өтемақысы өндірілді

25/08/2017

Семей қалалық сотымен қылмыс жасаған салдарынан моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарымен ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соттың үкіміне сәйкес, жауапкер талапкердің шешесі, өзінің әжесін өлтіргені үшін кінәлі танылып, жазасын қатаң режимдегi түзеу колониясында өтейтін болып 10 жылға бас бостандығынан айырылған.  Актілер жазбасында өлім себебі механикалық тұншығу деп көрсетілген. Аталған қылмыстық істі қарау кезінде азаматтық талап қойылмады.

Медиаторлар екі жақты татуластырды

25/08/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК 190-бабы, 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат  К. жәбірленушіден 18 000 теңге тұратын ұялы телефонын алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқырған. Сотта іс жүргізу барысында жәбірленуші мен сотталушы тарапынан медиациялық келісімге келгендіктері, жәбірленушіге келтірілген залал толығымен қайтарылғандығы және кылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш түсті.

Тұтынушының құқықтары қорғалды

25/08/2017

Семей қалалық сотымен қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жеке кәсіпкерге талап арызбен жүгіне келе, соңғысымен жасасқан сатып алу-сату келісімге сәйкес 45 жұмыс күннің ішінде жатын орынға арналған жиһазды дайындап, жеткізіп және сатуға міндеттелгенін көрсеткен. Талапкер ол үшін 430 мың теңгені құрайтын ақысын төлеп қойған. Алайда, белгіленген мерзімде кәсіпкер тауарды жеткізбей, талапкердің қарызды қайтару қарсылығына ішінара 70 мың теңге берешекті қайтарып, қалған қарызды қайтарудан бас тартқан.

Электр энергиясын заңсыз өшірді

25/08/2017

Семей қалалық сотында электр беру желілерінен ажырату бойынша іс-әрекеттерін заңсыз деп тану және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа «Мурат 1,2» ӘБТК-нің төрағасына жүгіне келе, жауапкер оның тұрғын үйіне қарыз болмағанына қарамастан және ешбір түсінікті себепсіз электр энергиясын беруді тоқтатқанын көрсеткен. «Семей, Мурат, Доверие» ҚБ-нің электр желілеріне қосу бойынша келісімнің жоқтығынан электр энергиясын беру тоқтатылған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

25/08/2017

Семей қаласының №2 соты ҚК-нің 188-бабының, 1-бөлігі бойынша, яғни ұрлық жасағаны үшін М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарынан, М., танысының үйінде бола тұра, жәбірленушінің ұялы телефоның ұрлаған, содан кейін қылмыс жасаған жерден жасырынып кеткен, яғни осы әрекеті арқылы жәбірленушіге 50 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот тергеуіне дейін жәбірленушіден медиация тәртібінде татуласуына байланысты, қылмыстық істі қысқарту жөнінде арыз түсті.

«Аудио-бейне жазба құрылғысын қолдануы» тақырыбында семинар сабағы өтті

25/08/2017

Бесқарағай аудандық   сотында  сот отырысының  басталу  және аяқталу уақытын сақтау, аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды. Шараға Бесқарағай аудандық сотының қызметкерлері қатысты.                

Медиация - дауласқан тараптарда тіл табысу мәдениетін қалыптастырады

25/08/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р.Омаровпен кәсіби емес медиаторларға арнап семинар өткізді.

Іс шараның мақсаты – жанжалды шешудің әрекеттегі балама тәсілі туралы кең ақпараттандыру.

Сот төрағасы Р.Омаров өз сөзінде, дауласқан тараптардың жанжалды шешу мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын және бұл біздің мемлекет үшін елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформа мен әлемдік жаһандану үрдісінде анағұрлым маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасағаны үшін сотталды

25/08/2017

ҚР ҚК-нің 190 бабы  4 бөлігі 2 тармағы бойынша айыпталған С. және Н-ға қатысты Өскемен қаласының №2 сотында  қылмыстық іс қаралды (мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Бесқарағай аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында семинар өтті

25/08/2017

Бесқарағай аудандық сотының төрағасының м.а. А.Калиев, сот қызметкерлерімен, Бесқарағай  аумақтық сот орындаушылар бөлімінің  аға сот орындаушысы Р.Е. Кабеновамен және  «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен  «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына семинар өткізді.              

Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы

25/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе меңгерушісінің м.а.         М.О.Байжумановамен және мемлекеттік қызметшілердің арасында «Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы»  тақырыбында семинар өткізілді.   

«Менің тандауым-балаларға көмек көрсету!»

25/08/2017

1 тамыздан 30 қыркүйек  аралығында  еліміздегі  2017-2018  жылы ұйымдастырылған оқу жылының басталуы мақсатында «Менің тандауым-балаларға көмек көрсету!» атымен өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясының өткізілетіні  хабарланды.

Дау бейбіт жолмен реттелді

25/08/2017

Семей қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жүгіне келе, қарыз беру туралы келісімге сәйкес, жауапкер 170 тың теңге қарызға ақша алғанын және де оны 10 күннен кейін қайтаруға міндеттелгенін көрсеткен. Алайда, осы уақытқа дейін берешек соманы қайтармаған, жауапкерден көрсетілген ақшалай қаражатты, сот шығындарымен бірге өндіруді сұраған.