Архив событий

09/08/2017

Медиация күніне орай іс-шара өтті

09/08/2017

Зайсан аудандық әкімдігінде  Республикалық «Медиация күніне»  орай шара өткізілді.

Іс-шараға Зайсан аудандық сотының судьясы Ш.О.Оспанова, жастар орталығының, орталық кітапхана жүйесінің, жас өспірімдер спорттық мектебінің, кәсіби емес медиаторлар және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен басшылары қатысты.

Судья Ш.О.Оспанова азаматтық, қылмыстық істерді қарауда медиацияны қолдану бойынша заңнамаға түсінік берді, сонымен қатар, кәсіби емес медиаторлардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Сотта семинар өткізілді

09/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында судьялар  мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Іс жүргізу нұсқасы және сот қызметінде қолданылатын өзге ережелер» тақырыбына семинар өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өткізілді

09/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Сот шешімдерінің орындалмауы» тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек  үстелдің жұмысына судьялар мен мамандары қатысты.

Риддер қалалық сотында «Медиация заңының қолдануы» тақырыбында семинар өткізілді

09/08/2017

Риддер қалалық сотында қылмыстық сот ісінде «Медиация заңының қолдануы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға Риддер қалалық сотының судьялары,  Риддер қалалық прокуратураның прокуроры А.Тусупов, «Ұлттық медиаторлар палатасы»директоры М.И. Дячук  қатысты.

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында АПК енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеуге қатысты семинар өтті

09/08/2017

Семей қаласының ювеналды сотында сот мамандарының қатысуымен «Азаматтық процестік кодексе енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» семинар сабағы өткізілді.

Іс медиация тәртібімен тоқтатылды

09/08/2017

Бородулиха аудандық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі сотта қарауға дайындық кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Келісімге келу шарттарында жауапкер ағымдағы жылдың қазан айына дейін қарызды қайтаратынын, ал өз кезегінде талап қоюшы  өзінің талабынан бас тартатынын мәлімдеген.

Егер жауапкер келісімдегі шарттарды орындамаған жағдайда, талап қоюшы атқару парағын алу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Бородулиха аудандық сотымен медиация туралы пилоттық жоба түсіндірілді

09/08/2017

Бородулиха аудандық соты төрағасының м.а. К.Раимбеков дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу мәселелерін талқылаған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Бородулиха аудандық «НұрОтан» партия филиалының ғимаратында өткен іс-шараға үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар, денсаулық және білім бөлімінің, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Бородулиха аудандық соты 2017 жылдың 7 айындағы жұмыстарын қорытындылады

09/08/2017

Бородулиха аудандық соты төрағасының м.а. К.Раимбеков «Аудан тынысы» газетінің журналисті қатысуымен 2017 жылдың 7 айындағы жұмыстарын қорытындылау бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың 7 айының ішінде 64 қылмыстық, 977 азаматтық, 400 әкімшілік істер қаралды. Бітімгерлік рәсімдерін қолдана отырып, 20 қылмыстық іс (31,3%), 138 азаматтық (14,1%), 45 әкімшілік істер (11,3%) сотпен аяқталды.

Алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде көлік құралын басқарған

09/08/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының, 1-бөлігімен азамат И-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды. Сот отырысында анықталғандай, сотталушы И. бұрын алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде автокөлікті  басқарғаны үшін үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылған, алайда, қайталап көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде басқарған.