Архив событий

15/08/2017

Екі адамға қатысты қылмыстық іс медиатордың көмегімен тоқтатылды

15/08/2017

Зайсан  аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталған Т. және И-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары бойынша, Зайсан қаласындағы  көңіл көтеру орнында И. мен оның танысы Т. бұзақылық ниетпен екі жәберленушіні жабылып, ұрып соғып, дене жарақатын түсіріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

Сот талқылауы барысында сотталушылар мен жәбірленушілер арасында медиативтік келісім жасалды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/08/2017

Тарбағатай аудандық сотында  ҚК-нің 107-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен берілген, қылмыстық іс қаралды.

Тарбағатай ауданының тұрғыны Д. Ақсуат ауылында орналасқан «асхана»  ғимаратының алдында, спирттік ішімдік ішкен мас күйінде, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін әдепсіз іс-әрекетін жасап, ешбір-себепсіз бұзақылық ниетпен Б-ны ұрып-соғып, жәбірленушіге «орта» дәрежеде дене жарақатын түсіргені анықталды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

15/08/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының сот приставы Р.Суйеукенов «ШҚО бойынша Қылмыстық-Атқару Жүйесі Департаменті Көкпекті ауданының № 2 аудандық Пробация Қызметі  бөлімінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.

Дәріс сабағының барысында сот приставы сыбайлас жемқорлық түсінігі мен оның түрлері туралы айтты. Сонымен қатар, жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары мен Қазақстанда айтылған дертпен қатаң түрде күрес жүргізіліп жатқандығына тоқталды.  

Емхананың әрекеттерімен бұзылған азаматтың құқықтары қорғалды

15/08/2017

Талапкер Семей қалалық сотына № 6 аралас үлгідегі емханасына талап арызбен жүгіне келе, оның қайтыс болған жұбайы Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жою жұмыстарына қатысқанын, оның салдарынан ауруға шалдығып 3-топтағы мүгедек болғанын көрсеткен. Денсаулығының нашарлауына байланысты Семей қалалысының Мемлекеттік Медициналық Университетінің Медициналық Орталығына «Жүректің ишемиалық ауруы. Жіті миокард инфарктысы» диагнозымен жатқызылған. Одан шығып, 10-күннен кейін күйеуі қайтыс болған.

ӘҚБтК-нің жаңа бабы бойынша медиация

15/08/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

15/08/2017

Бородулиха аудандық сотында мамандардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Судья Д.Наукенова өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқармасының тиімділігінің және мемлекеттің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізетінін атап өтті.

Конституция күні қарсаныңында викторина өткізілді

15/08/2017

Бородулиха аудандық сотында Конституция күні қарсаныңында викторина өткізілді. Викторинада сот мамандары қатысып, қазылар алқасын соттың кеңсе меңгерушісі А.Касенова, БАҚ жұмыстарын үйлестіруші судья Д.Наукенова құрады.

Викторинаның барлық сауалдары Қазахстан Республикасының Конституциясының  пайда болу тарихына арналды. Сот мамандары берілген викторинаның бағыты бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/08/2017

Ұлан  аудандық сотында азамат А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. үйінде жәбірленуші У-ны ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты, жәбірленуші А.-дан сотқа қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекіту туралы арыз түсті.

Есірткі затын қоғамдық жерде тұтынғаны үшін сотталды

15/08/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының, 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Шар қаласы, Карелин көшесі бойында аудандық АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен «Көкнар» атты жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті Е. 0,3840 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын тұтыну кезінде ұсталды.

Сот отырысында сотталушы Е. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін көрсеткен.

«Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбымен семинарлық сабақ өткізілді

15/08/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинарлық сабағы өтті. 

Катонқарағай №2 аудандық соттың төрағасы м.а. Г.Кудербаева өз баяндамасында   сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізуді және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті. 

«Еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау» тақырыбына арналған семинар өтті

15/08/2017

Катонқарағай аудандық сотында сот мамандары қатысқан «Еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау» тақырыбына арналған семинар өтті. Катонқарағай аудандық сотының төрағасының м.а. Н.С.Нұрсапинов аталған тақырып аясында сөз сөйледі.

Борышкерден қарыз өндірілді

15/08/2017

Талапкер сотқа жауапкерге қатысты қарызды өндіру туралы өтінішпен жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған. Тараптар арасында қызмет көрсету туралы шарт бекітілген. Алайда, борышкер шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған, осыған орай, 2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында 10 130 теңге қарыз сомасы пайда болған. Борышкер өз еркімен қарызды өтеуден жалтаруда. Сол себепті соттан жауапкерден қарыз ақша сомасы және сот шығындарын өндіруді сұраған.    

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары» тақырыбында семинар өткізілді

15/08/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Сагандыкова кеңсе қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметкерлерінің кызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары»  тақырыбында семинар өткізді.

Бородулиха аудандық соты партисипативтік рәсім бекітті

15/08/2017

Бородулиха аудандық соты кепілпұл сомасын қайтару туралы азаматтық іс бойынша келісімді партисипативтік рәсім тәртібінде бекітті.

Жауапкер келісім шарт бойынша берешекті төлеуден бас тартқан, соның салдарынан талапкер сотқа, жауапкерден 250 000 теңге кепілпұл сомасын қайтару туралы талап арызбен жүгінген.

Бесқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 7 айындағы нәтижелері қорытындыланды

15/08/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен 2017 жылдың 7 айында атқарылған жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатымен сот төрағасы А.С.Калиевтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған «дөңгелек үстел» өтті

15/08/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық  сотының төрайымының м.а. А.Байжуменова және бас маман М.Аписарова Таврия ауылының кітапханасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «дөңгелек үстелге» қатысты.  

Бұл шарада кітапхана қызметкерлері, Таврия ауылдық әкімшілігінің мамандары, ауылдық мекемелерінің басшылары қатысты.

«Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/08/2017

Шемонаиха ауданының «Н.А.Островский атындағы №1 жалпы білім беру орта мектеп-гимназиясы» КММ-де Шемонаиха аудандық сотының судьясы Л.А.Федосовамен  «Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өткізілді

15/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасың м.а. Е.С. Қоянбаев  судьялармен сот мамандардың қатысуымен «рухани жаңғыру» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Сот төрағасы Елбасымыздың алға қойған мақсатының бірі ол: мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге жарамдылығын барлық Қазақстан халқының рухани дамуы мен бәсекеге жарамдылығы арқылы жету деп атады.

Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асыру қажет жаһанданудың негізгі бағыттары мен нақты жобалар талқыланды.