Архив событий

31/08/2017

«Мектепке жол» қайырылымдылық акциясы

31/08/2017

Қазақстанда тамыз, қыркүйек айлары созылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Аталған шара барасында мемлекет пен азаматтар жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді.

Облыс судьялары  жыл сайын  - бұл акцияға белсенді қатысады.

«Мейрімді жолмен білімге»

31/08/2017

Конституция күні және Білім күні қарсаңында қазақ елінің  салт - дәстүрі бойынша «Мейрімді жолмен білімге» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының басты жұмыстарының бағыттарының бірі балаларға қамқорлық жасау, яғни қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға әулеметтік көмек көрсету болып табылады.

Сот ұжымы 3 сыныпта білім алатын Алина Салтанатованы    жаңа оқу жылымен құтықтап білім алуға қажетті құралдарды сыйлады.

«Мектепке жол»

31/08/2017

Білім күніне орай Семей қалалық сотының судьялары жеке сот орындаушысы Е.Т.Төлеумен бірлесіп «Мектепке жол» науқанның аясында мектепте оқитын балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген әкеге көмек көрсетті.

Сотталушыларды айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

31/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә. Кәсенов «Сотталушыларды айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына  сот төрағасы Б.Ә. Кәсенов,  сот қызметкерлері  мен  айдауыл қызметінің полиция қызметкерлері қатысты.

Кеңесте айдауылмен жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және сотталушыларды сот процесіне уақытында жеткізу мәселелері талқыланды.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/08/2017

Абай аудандық сотында талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер Т.-ға қатысты берешекті кепілдегі мүлікпен өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.

Үржар ауылдық округінде кездесу өтті

31/08/2017

Үржар аудандық сотының судьясы М.Д.Молдабаев  Үржар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде судья  «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» әзірленгенін атап өтті.

«Мектепке жол»

31/08/2017

Қазақстанда тамыз, қыркүйек айлары созылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Аталған шара барасында мемлекет пен азаматтар жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы аталған акцияға жыл сайын қатысып тұрады. Ағымдағы жылы сот ұжымы №18 КММ мектебінің көп балалы отбасының екі оқушысына мектепке қажет құралдар сыйлады.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/08/2017

Абай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-1 бабы, 1-бөлігі (денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша  Ш.-ға қатысты әкімшілік іс медиация негізінде қысқартылды.

Семинар сабағы өткізілді

31/08/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді. Семинарға сот қызметкерлері    қатысты.

Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстанда медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31/08/2017

Катонқарағай аудандық сотында Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға қатысуға Катонқарағай аудандық сотының төрағасы  Б.Т.Секербеков, ІІБ-нің өкілдері, кәсіби емес медиатор қатысты.

Дөңгелек үстел

31/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс-шараға сот кеңсесінің мамандары қатысты. Өз сөзінде, сот маманы   Г.А. Оспанова  жемқорлықтың қоғамға келтіретін  негізгі зияндарын атап өтті.

Семинар сабағы өтті

31/08/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.                                           

Жекеше қаулы шығарылды

31/08/2017

Бесқарағай  аудандық сотында азамат  Ж-ға. қатысты әкімшілік ісі қаралды.                                                                                                            

«Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өтті

31/08/2017

Бесқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  М.Алимханова   «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.