Архив событий

10/08/2017

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

10/08/2017

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісімен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша электронды атқару парақтарының дұрыс қалыптастырылуы, сот актілерінің орындауға уақытылы жолдану мәлелері бойынша семинар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Риддер қалалық сотына қайталап жүргізілген кешенді тексерудің  нәтижелері аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметкерлерінің назарына  жеткізілді.  

Шемонаиха ауданының Әділет басқармасында Шемонаиха аудандық сотының судьясы С.Б.Балғабеков «Медиация туралы заңды қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

10/08/2017

Шемонаиха аудандық сотының судьясы С.Балғабеков «Медиация туралы» Заңын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер өндірісінде қолдану мәселесіне тоқталды.  С.Б.Балғабеков татуластыру рәсімдерін   қолданумен қаралған істер бойынша ақпараттарды ұсынды, яғни, 2017 жылдың 7 айында  медиация тәртібімен 52 азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы  117 істер, 17 қылмыстық істер қысқартылған.

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/08/2017

Күршім аудандық сотында Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға кәсіби емес медиаторлар, мемлекеттік мекеме өкілдері, сот мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.  

«Дөңгелек үстелді» өткізудің мақсаты медиацианы, дауды шешудің баламалы әдісі ретінде қолдану кезінде туындайтын проблемалық және ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау болды.

Сотта брифинг өтті

10/08/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова жергілікті «Рауан-Заря» газетінің тілшісіне арнап брифинг өткізді.

Кездесу барысында С.Жүніспекова бұқаралық ақпарат құралдардың өкіліне 2017 жылдың 7 айында атқарылған сот жұмысының қорытындысы жайлы ақпарат берді.

Риддер қалалық сотында «Ұлттық медиаторлар палатасы» директорының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

10/08/2017

Риддер қалалық сотында «Ұлттық медиаторлар палатасы» директоры М.И. Дячуктың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Риддер қалалық сотының судьялары М.К. Тоқжанов, Г.А. Сайдульдинова, Ж.К. Тасубаева, Риддер қаласының прокуроры А. Тусупов, «Ұлттық медиаторлар палатасы»директоры М.И. Дячук  қатысты.

«Ұлттық медиаторлар палатасы» директоры М.И. Дячук азаматтық, қылмыстық және экономикалық  дауларда медиацияны кеңінен қолдану және дамыту перспективасы туралы айтты.

Халықпен кездесуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

10/08/2017

Катонқарағай №2 аудандық сотының судьясы Г.Кудербаева Катонқарағай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына  талқылау өткізді. Аталған кездесуге ауыл тұрғындары және жазушы Ж.Қызыр, тарихшы Ф.Нұртазин қатысты.

Риддер қалалық сотында «Құқықтық көмек көрсету туралы шетел мемлекеттерінің тапсырмаларын орындау» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді

10/08/2017

Риддер қалалық сотында «Құқықтық көмек көрсету туралы шетел мемлекеттерінің тапсырмаларын орындау» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Семинар сабаққа судьялар кеңсе меңгерушісі м.а. және сот қызметкерлері қатысты.  

Шемонаиха аудандық сотында сыбайлас жемқорлықты болдырмау атты семинарлық сабақ өтті

10/08/2017

Аталған іс-шараға сот мамандары қатысты. Жетекші  маман А.Алымбаева кіріспе сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың міндеті екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасау қажеттігін, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын, алдын-алу шараларын, сыбайлас жемқорлықтың жасалу жолдары мен түрлерін айтып өтті.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды

10/08/2017

Талапкер сотқа жауапкерге қатысты қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған. ЖШС мен жауапкер араларында шағын несие беру туралы келісім бекітіліп, оның талаптары бойынша жауапкерге 141 000 теңге көлеміндегі қарыз ақша қаражаты 12 айға 18% жылдық мөлшермен қайтару, төлемділік және қамтамасыз ету талаптары негізінде берілген. Қазіргі таңда жауапкер келісім бойынша өзінің міндеттерін орындамаған. Сол себепті соттан жауапкерден қарыз ақша сомасы және сот шығындарын өндіруді сұраған.