Архив событий

23/08/2017

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік іс қаралды

23/08/2017

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Р. қатысты ӘҚБтК-тің 132-бабының 1-бөлігінде көрсетілген (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік іс қаралды.

Р. «Sony Playstation» интернет салонында әкімші ретінде жұмыс істеп жүріп, түнгі уақытта сағат 22.00 кейін 2000 жылы туған кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінсіз жүргеніне жол берген.

Парламенті Мәжілісінің депутатының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

23/08/2017

Бородулиха аудандық «НұрОтан» партия филиалының депутаты, Казақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі В.Олейниктің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде аудандық мәслихат хатшысы У.Майжанов, аудандық сот төрағасы С.Байбосынова, аудан прокуроры Д.Кенжебеков, судьялар, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Көшпелі семинар-тренинг өткізілді

23/08/2017

Катонқарағай ауданының №2 сотының қызметкерлерімен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Семинар Катонқарағай ауылдық округінің ғимаратында әкімшілік және аудандық «Арай-Луч» газетінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Семинардың мақсаты - «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Өскемен қаласының №2 сотында семинарлық сабақ өткізілді

23/08/2017

Қазіргі заманға сай ақпарат құралдарын пайдалану соттар қызметінде қол жетімділікке, ашықтыққа және тиімділікке жеткізетін бірден бір тәсіл болып табылады, сонымен қатар ол тек сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес сотқа жүгінген тұлғалардың да біршама уақытын үнемдеуге жәрдемдеседі.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотында кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова сот процестерін техникалық жазуға арналған «Аудио, бейнетаспа жүйесі» бағдарламасын қолдану бойынша сот мамандары арасында семинарлық сабақ өткізілді.

Медиация кабинетінде дау медиация тәртібінде реттелді

23/08/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында азаматша У-ның азамат А-дан жұбайын асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Марқакөл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Медиация кабинетінде» кезекшілік атқарған медиатор Н.Жадранованың түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тараптар дауды медиация тәтібімен реттеу туралы келісімге келді. Азаматтық іс бойынша талап қоюшы мен жауапкер сот мәжілісінде сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш ұсынып, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Ресей Федерациясының азаматшасы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/08/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  бойынша К.-есімді Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарал

Бала құқығын қорғаудың мәжбүрлі амалдарының бірі - ата-ана құқығын шектеу

23/08/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының шешімі бойынша «Күршім ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің азаматша Н-дан кәмелетке толмаған балалар 2009 жылы туған Р-ға және 2011 жылы туған В-ға  қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Іс материалдарына сәйкес, анасы жас балаларын тәрбиелеуден жалтарған. Жаупкерді ата-аналық құқығынан шектеуге оның алкоголь ішімдіктерін үнемі ішуі және балаларды қараусыз қалдыруы негіз болған.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі

23/08/2017

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының жетекші маманы Қ.Қ.Қуатов Көкпекті ауданының Самар ПБ қызметкерлеріне «Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дәріс оқыды.

Ашық есік күні

23/08/2017

Үржар аудандық сотында медиация кабинетінде «Медиация күні» атты тақырыпта ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны  кәсіби емес медиатор С.Жексембаев өткізді.

«Аудио-бейне жазба құрылғысын қолдануы» тақырыбында семинар сабағы өтті

23/08/2017

Шемонаиха аудандық   сотында  сот отырысының  басталу  және аяқталу уақытын сақтау, аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды.

Шараға Шемонаиха аудандық сотының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

23/08/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының, 4-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы)  бойынша Ресей Федерациясының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С. жеке шаруаларымен Қазақстан Республикасына келген. Алайда, белгіленген мерзімде еліміздің аумағынан шықпаған.

«Медиация » тақырыбында семинар өткізілді

23/08/2017

Үржар аудандық сотында адвокаттар және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Медиация» тақырыбында семинар өткізілді.

Судья Молдабаев М.Д. семинарды аша отырып, бүгін елімізде құқықтық дауларды шешу баламалы тәсілі ретінде медиация белсенді дамуда екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу кодексі түрлі келісу рәсімдерін қолдануын көздейді, және де сот медиациясымен белгіленеді. Ауданда кәсіби емес медиаторлар өз еріктері негізінде табысты жұмыстар атқаруда.

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/08/2017

Курчатов қалалық сотының судьясы А.К.Сыздыков сот қызметкерлерінің қатысуымен  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге дауларды реттеудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі бітімгершілік рәсімдерді дамыту болып табылады.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді

23/08/2017

Семинарға Таврия сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы В.Казак, Таврия полиция  бөлімінің кеңсе маманы Г.И.Волощенко, Таврия ауылдық халыққа қызмет көрсету  бөлімінің маманы И.И.Корнева, Таврия ауылдық әкімдігінің бас маманы З.Касымова және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

«Денсаулық күні »

23/08/2017

Мемлекеттің 2016–2019 ж.ж аралығындағы «Денсаулық сақтау» бағдарламасын  жүзеге  асыру аясында  Семей  қаласында  «Денсаулық күні» атты акция өтті.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - адамның денсаулығы - зор байлық екендігін ескере отырып, отбасындағы репродуктивтік денсаулықты сақтап қалуды ақпараттандыру, салауатты өмір сүруді насихаттау арқылы қуатты  ұлт  қалыптастыру болып табылады.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

23/08/2017

Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні қарсаңында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы М. Тубеков «Конституция - мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбына семинар сабақ өткізді. 

«Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/08/2017

Курчатов қалалық сотының судьясы А.К.Сыздыков сот қызметкерлерінің және мекеме заңгерлерінің қатысуымен, «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Семинар сабақтың негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.