Риддер қалалық сотында сот қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында «Мемлекеттік органдармен, оның ішінде сот органдарымен хат алмасуды, ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.

Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатқан әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі. Елімізде қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Кеңсе меңгерушісі м.а. Ж.К.Жунусова баяндамасында мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі туралы, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы, мемлекеттік тілді дамытудың негізгі жолдарының бірі – құжат айналымы мен іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу екенін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі м.а. З.К.Жунусова өз сөзінде мемлекеттік органдармен, хат алмасуды, ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.

Семинар соңында кеңсе меңгерушісі м.а. З.К. Жунусова сұрақтарға жауап беріп, қатысушылармен өзара пікір алмасты.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі