Зырян аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотының төрағасының м.а. А.Садыкова «Пульс Зыряновска-Көктас таңы», «Заря Востока» газеттерінің тілшілерінің қатысуымен әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формаларын жою туралы Конвенцияны насихаттау жөнінде брифинг өткізді.

Өз сөзінде әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формаларын жою Конвенциясы әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталғанын айтып өтті. Конвенция 1979 жылы 18 желтоқсанда қабылданып, 1981 жылы 3 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан Республикасында бұл конвенция 1998 жылы 29 маусымда ратификацияланған.

А.Садыкова, Әйелдерге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ерлермен теңдік негізінде іске асыруына және пайдалануына кепілдік беру үшін қатысушы мемлекеттер барлық салаларда, және ішінара алғанда саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда әйелдердің жан-жақты дамуы мен прогресін қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларын, заңнамалық шараларын қоса қабылдайтынын баяндады.

Брифинг соңында 2017 жылдың 7 айының статистикалық есебінің қортындысы бойынша 47 қылмыстық іске жоғарыда аталып өткен конвенцияның нормалары қолданылғаны туралы деректер келтірілді.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі