Үржар ауылдық округінде кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотының судьясы М.Д.Молдабаев  Үржар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде судья  «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» әзірленгенін атап өтті.

Аталған шарада ауылдық округтердің мамандары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Шараны өткізу барысында М.Молдабаев  «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» Жоғарғы Соттың төрағасымен бекітілгені туралы және жобаның басты мақсаты татуласу рәсімінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың қаражатын үнемдеу, тұрғындардың дауды (жанжалды) соттан тыс реттеуге мүдделілігін анықтау екенін халыққа түсіндіре келе, жобаның маңыздылығына тоқталып сот төрағасы медиация өткізу міндетті келесі даулар (жанжалдар) сатысы, олар  бала мүддесіне: тұрғылықты жерін анықтау, ата-анасымен араласу тәртібі туралы, кәмелетке толған балаға алимент өндіру туралы істер қамтылатындығына тоқталды.

Сондай-ақ, неке бұзу және ортақ мүлікті бөлу, мұра туралы, қоныс аударту, жер телімінің шекарасын анықтау, займ шарттары бойынша, еңбек және кейбір сақтандыру даулар. Сонымен қатар, медиация еріктілік, жақтардың құқықтық теңділігі, татуласу рәсімін  өткізетін медиатордың тәуелсіздігі және турашылдығы, құпиялылық  және   қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестік принциптері негізінде өткізілетіне назар аударды.

Сонымен қатар, кездесуде «Медиация туралы» Заңды азаматтық және әкімшілік сот істерін жүргізуде қолдануға байланысты мәселелер түсіндірілді.  

Кездесудің соңында судья М.Д.  Молдабаев тұрғындардан пилоттық жоба бойынша түскен сұрақтарға жауап берді.

 

Үржар аудандық сотының 

баспасөз қызметі