Тағы бір рет судьялардың әдебі туралы.....

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың қатысуымен Қазақстан Республикасында «Судьялардың әдеп кодексі» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараны сот төрағасы Б. Кәсенов ашып, Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде 2016 жылы 21 қарашада жаңа судьялық әдеп кодексі қабылданғаны туралы айтты. Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадаммен қабылданған судьялық әдеп кодексі тікелей байланысты атап өтті.

Сонымен қатар, судьялардың  жаңа әдеп кодексі қызметтегі және отставкадағы судьялар үшін, әдеп нормаларымен тұрмыстағы мінезқұлық ережелерін орнатуда, судьялық сот қоғамда маңызды құжаттардың бірі екенін сот төрағасы Б. Кәсенов өз баяндамасында айтып өтті.

Бүгінгі заманауи демократиялық қоғамда азаматтардың, қоғамның сот билігіне сенімі және сот жүйесінің беделіне моральдық, адалдық, сот тұтастығы тұрғысынан бастапқы рөл атқарылатыны белгілі.

Сондықтан, судьялардың әдеп кодексін қатаң сақтау сот жүйесінің бейнесінежәне сот жүйесіне сенімді арттыруға ықпал етеді.

Дөңгелек үстел соңында, сот төрағасы сот төрелігін атқаруда және тұрмыста судьялық әдеп кодексін судьялар күнделікті сақтауына баса назар аударды.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі