Шемонаиха аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс шараға  сот қызметкерлері, Шемонаиха аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы М.Дукембаев және  «Шемонаиха Тынысы» газетінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасының м.а. С.Балғабеков Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жаңартылған соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар екенін, яғни соттың заңды күшіне енген актілері орындалуға міндетті екендігін атап өтті. Сот актілерінің уақытылы орындалмауы соттың шығарған шешімінің құндылығын жоғалтатынын айтып, орындалмаған сот актілерінің саны мен оларды орындауға кедергі келтірген себептерін, сот шешімдері, үкімдері мен қаулыларының уақытылы орындалу мақсатында сотпен қолданылатын іс шараларға тоқталды.

Шемонаиха аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы М.Дукембаев өз сөзінде,  сот актілерінің уақытылы орындалуына сот орындаушылар баса көңіл аударатынына тоқталды.  Борышкерлердің табыс көзі  және жұмыстарының жоқтығы сот актілерінің орындалмауының себебі екенін түсіндірді, сот орындаушылармен сот актілерін қасақана орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік істер сотқа жолданып, кінәлі адамдар жазаға тартылғанын айтты.

Іс шарада сот актілерін орындау кезінде туындайтын қиыншылықтар туралы сұрақтар талқыланды.

 

Шемонаиха аудандық сотының

баспасөз қызметі