Парламенті Мәжілісінің депутатының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық «НұрОтан» партия филиалының депутаты, Казақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі В.Олейниктің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде аудандық мәслихат хатшысы У.Майжанов, аудандық сот төрағасы С.Байбосынова, аудан прокуроры Д.Кенжебеков, судьялар, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Кездесуде В.Олейник Мәжілістің заң шығару жұмыстары жөнінде кеңінен айтып өтті. Әсіресе, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің  атқаратын қызметі туралы, бірқатар қолданыстағы заңнамалардағы, қылмыстық-процестік кодексіндегі өзгерістер туралы айтты. Депутат сот жүйесінің алдында тұрған нақты міндерттер, тергеу судьясының қылмыстық процестегі атқаратын рөлі, олардың өкілеттілігі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.  

Кездесудің соңында дөңгелек үстел қатусышылары депутатқа адал әрі мінсіз жұмыстары үшін алғысын білдіріп, заң шығару қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

 

Бородулиха аудандық сотының

 баспасөз қызметі