Мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР ҚК-нің 190 бабы  4 бөлігі 2 тармағы бойынша айыпталған С. және Н-ға қатысты Өскемен қаласының №2 сотында  қылмыстық іс қаралды (мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Н. «Еңбек- Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнында комерциялық топтың бас маманы болып істеп жүріп, 2016 жылдың  қаңтар айында осы кәсіпорынның  директорының  м.а. С-пен қылмыстық сөз байласып «Еңбек- Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының ақша қаражатын аса ірі мөлшерде  ұрлағаны сотта белгілі болды.

Қылмыстарын жүзеге асыру мақсатында,  бас маман Н.  бұрын таныс «Отрар» ЖШС директорын  өздерінің  қылмыстық жоспарларымен таныстырады.  «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнынмен  тауарды тиемей  35 000 000 теңгеге аралас мата жеткізу шартын жасасуды ұйғарды.  «Отрар»ЖШС директоры өз келісімін берген соң, «Еңбек- Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының директорының м.а. нұсқауы бойынша жоғарыда аталған сома ЖШС шотына түседі. Бас маман  ЖШС директорынан  33 300 000 теңгені алып «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының директорының м.а. береді.  Қалған 1 700 000 теңге «Отрар» ЖШС-де  салық төлеу үшін қалдырылады.

Сот үкімімен Н. сыбайлас жемқорлық  қылмысын жасауға жәрдемдескені үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылды.  «Рақымшылық туралы»  заң негізінде  жаза мерзімі екі есе қысқартылып, оның  мүлкі тәркілене отырып,  өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда,  мемлекеттік мекемелерде  лауазымды  атқару  құқығынан  айырумен қатар ол 2  жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.  ҚР ҚК-нің 74 бабына сәйкес сотталушының  кішкентай балаларының болуына байланысты  жазаны өтеу 5 жылға шегертілді.

«Еңбек- Өскемен» мемлекеттік  кәсіпорнының  директорының м.а.  сот мәжілісінің соңғы отырысына келмей, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, соттан  бой тасалған. Осыған орай,  С-қа қатысты қылмыстық іс жеке  өндіріске бөлініп  алынған  және сот қаулысы бойынша С.  бұлтартпау шарасы «кепілден» «қамауға» өзгертіліп, оған іздеу жарияланған.

Сот үкімі және қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі