«Мектепке жол» қайырылымдылық акциясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстанда тамыз, қыркүйек айлары созылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Аталған шара барасында мемлекет пен азаматтар жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді.

Облыс судьялары  жыл сайын  - бұл акцияға белсенді қатысады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, білім күні қарсаңында облыстық соттың судьясы Б.Ф.Шарнаева және ШҚО №1 кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылыған ауданаралық сотының төрағасы А.Н.Жумагулова Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының және Судьялар одағы ШҚО филианың атынан «Балалар ауылы» және «Үміт» балалар үйінің балаларын  «Білім күні» мерекесімен құттықтады.  

Биыл судьялар балалар үйінің тәрбиеленушілерін алдағы жаңа оқу жылымен құттықтай келе, оларға оқу жылына қажетті құралдарымен қамтамасыз етті.

Акцияның мақсаты балаларды мектепке қажет құралдармен және киімдермен қамтамасыз етіп, мектепке деген ынтасын көтеріп, көмек көрсету болып табылады. Аталған шара 10 жыл қатарынан мемлекеттің барлық аймақтарында «Менің таңдауым - балаларға көмек» ұраны мен өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, облыс судьялары жыл сайын 6 тәрбиеленушінің банк есеп-шотына бір күндік еңбек ақыларын аударып отырады, оған қоса Судьялар одағының филиалы жүйелі түрде материалдық көмек көрсетіп тұрады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі