«Мектепке жол»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Білім күніне орай Семей қалалық сотының судьялары жеке сот орындаушысы Е.Т.Төлеумен бірлесіп «Мектепке жол» науқанның аясында мектепте оқитын балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген әкеге көмек көрсетті.

Балаларын жалғыз асырап жүрген аналарымен қатар әкелер де көмекке мұқтаж. Аналардың қатысуынсыз балаларды тәрбиелеу әкелер үшін бұл қиын жағдай. Әке мен ананың рөлін өзіне міндеттеу қиынға соғады. Ата-ана жұмыс пен үйдің істерімен айналыса жүріп баланың алдында орындайтын міндеттемелерді де орындауға тырысады. Тастап кеткен аналарынан алименттерді тоспай-ақ, балаларды тәрбиелеп жүр.

Екі ведомствоның қызметкерлері бірінші қыркүйек алдында осындай көмек көрсете алды. Балалар спортқа арналған құралдары және дене шынықтыру секциясына қатысу абонементіне риза болды. Себебі, спорт салауатты өмір салтын қалыптастыруында маңызды рөл атқарады.

Науқанға қатысушылар жұртшылық алименттерді төлемеу мәселесіне назар аударып және жосықсыз ата-аналарды балаларын ұмытпауға шақырады деп үміттенеді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі