Қызметкердің өрескел бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа Семей қаласының № 5 емханасына талап арызбен жүгіне келе, жауапкерде әскерге шақыру медициналық комиссиясының дәрігер-отоларингологы болып жұмыс атқарғанын көрсеткен. Бас дәрігердің бұйрығымен емханаға ауыстырылып, бір аптадан кейін жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылды.

Жауапкердің Еңбек кодексі талаптарын бұзып, өз бетінше қызметкердің келісімінсіз және жұмыс орынын жұмыс уақытының режимі басқа, емхананың консультациялық-диагностикалық бөліміне ауыстыру туралы еңбек келісіміне өзгерістерді енгізбегені анықталған. Осының салдарынан талапкер еңбек келісімін бұзу туралы өтініш жазуға мәжбүр болды. Себебі, оның асырауында күтімге мұқтаж ауру анасы болған. Сот отырысында талапкер өз талап арызын анықтап, анасының қайтыс болуына байланысты, әскерге шақыру комиссиясына немесе емханаға қайта орналастыруды сұраған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 45 бабына сәйкес, жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап етілмейді. Жұмыскер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайтын жұмыскер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.

Еңбек жағдайы емханада мүлдем басқа болғандықтан, бұл жағдайдың негіздемесі «басқа жұмыс орынына ауыстыру» болып табылмады.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Талапкер № 5 емханасы лор-дәрігер лауазымына жұмысқа қайта орналастырылды және амалсыз бос жүрген уақытына 446 934 теңге еңбек ақы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі