Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің 187-бабы, 1-бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылық жасағаны үшін аз.И-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2017 жылы шілде айының басында, аз-ша И. аз.Р. жалдамалы пәтерінде уақытша қоныстанған.Осы  жалдамалы пәтерде аз.Р қоңыр түсті кілемі және біраз мүлкі болған, аз-ша И. сол ауылдағы басқа пәтерге көшуді ойластырып, тұрып жатқан пәтерден, қасақана мақсатта, жасырын түрде, мүлікті ұрлауды ойлаған. Сөйтіп, аз Р. үйінен кілемді ұрлап кетіп, жәбірленушіге 2000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды. Аталған келісімге сәйкес аз-ша.И жәбірленушіден кешірім сұрап материалдық залалды толықтай өтеп, татуласып, сотта істі медиация тәртібімен қысқартуды, ал жәбірленуші сотталушыны кешіріп, онымен татуласты.

Сотта сотталушы аз-ша И. өз кінәсін толығымен мойындап, өкініп, медиация тәртібімен татуласу келісімін толықтай орындағанын айтып, соттан істі қысқартуды сұрады.

Сот ҚР ҚК-нің 187-бабының, 1 бөлігімен аз-ша И.-ға қатысты айыптау қылмыстық істі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты сот өндірісін қысқартуға қаулы етті.

Қаулы заңды  күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі