Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе меңгерушісінің м.а.         М.О.Байжумановамен және мемлекеттік қызметшілердің арасында «Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы»  тақырыбында семинар өткізілді.   

Бас маман – сот отырысының хатшысы Б.Акатаева баяндама жасап, Конституция – барлық құқықтық жүйенің өзегі болып табылады, ол басқа заңдардың мазмұны мен  мәнін  анықтайды, мемлекеттің  орнықты    және бірізді  дамуының   мықты іргетасы  болып қызмет етеді деп атап көрсетті. Конституциядағы жаңадан енгізілген түзетулер маңызды бөлігі болып табылады, соның арқасында сот жүйесін жетілдірумен, адамның конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау кепілдігін нығайтумен байланысты мәселелер өзінің түбегейлі шешімін тапты.

Шара соңында кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушысы М.О. Байжуманова «Мемлекетіміз үшін маңызы аса зор Ата заң  – сот  жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз, Конституция күнін өзіміздің кәсіби мерекеміз ретінде де қабылдаймыз, себебі, сот төрелігін атқару барысында біз тек Конституция мен Заңды басшылыққа аламыз. Сот жүйесі азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеттерін абыроймен атқаруда» - деп атап өтті.

 

ШҚО  қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық  сотының баспасөз қызметі