Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-1 бабы, 1-бөлігі (денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша  Ш.-ға қатысты әкімшілік іс медиация негізінде қысқартылды.

Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы жәбірленушілердің үйіне жүк тасымалдау үшін келеді. Құқық бұзушымен  жәбірленушінің сөзге келмеуі себебінен араларында төбелес басталып, ал екінші жәбірленуші оларды ажыратқан. Құқық бұзушы олардың денсаулығына сот медициналық қорытындыға сай жеңіл жарақат келтірген.  

Әкімшілік іс қарауы барысында, жәбірленушілер және құқық бұзушы медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты, іс өндірісін қысқарту туралы өтініш мәлімдеп, жазбаша келісімді сотқа ұсынған.

Құқық бұзушының пікірін, прокурордың қорытындысын тыңдап, жәбірленушінің  медиациялық жазбаша келісімін жариялап, жәбірленушінің құқық бұзушымен татуласқанына байланысты, iс қысқартуға жататыны туралы сот тұжырымға келді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі